Хоккей

Нұр-Сұлтанда «Барыстың» аты аңызға айналған ойыншылары қолтаңба беру сессиясын өткізеді

Нұр-Сұлтанда «Барыстың» аты аңызға айналған ойыншылары қолтаңба беру сессиясын өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Барыс Арена» кешенінде өтетін «Барыс» пен минскілік «Динамо» арасындағы матч алдында қазақстандық команданың атақты ойыншылары қолтаңба беру сессиясын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолтаңба беру сессиясына Александр Корешков, Виталий Еремеев, Федор Полищук, Кевин Даллмэн, Брэндон Боченски және Талгат Жайлауов сынды хоккейшілер қатысады.

Шара «Барыс Аренаның» А10 секторы маңайында өтеді және 14:00-де басталып, бір жарым сағатқа созылады. Хоккейшілер қолтаңба беріп болған соң, мерейтойлық матчтың ашылу салтанатына қатысады.

«Барыс Арена» есігі 13:30-ден бастап ашық болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер