Әлем футболы

«Астананың» бұрынғы қарсыласының қақпашысы ойын сапасының нашарлап кеткенін айтты

«Астананың» бұрынғы қарсыласының қақпашысы ойын сапасының нашарлап кеткенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтед» қақпашысы Давид Де Хеа командасының сәтсіз ойнап жүргені кейбір шептердің сапасыз ойынына байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz «Спорт-Экспреске» сілтеме жасап.

Оның айтуынша ойыншылар алаңда жанын беріп ойнап жүр.

— Мен проблеманың бәрі жігерге, күш салмай ойнап жүруге байланысты деп ойламаймын, керісінше әріптестерім алаңда барын салады. Мүмкін алаңның кейбір тұстарында ойын сапасы нашарлап кеткен болар, алайда ол футболшылар жанын беріп ойнамайды деген сөз емес.

Біз 4-5 ойынды қатарынан жеңіге тиіспіз, алайда команда өз деңгейінде ойнай алмай жүр. Бізге тұрақтылық жетіспейді, - дейді Де Хеа.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер