Қысқы

Қазақстандық шорттрекшілер әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық шорттрекшілер әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шыға алмады
news-banner7
mobile-news-top

Шорт-тректен Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде ерлер арасында 500 метр қашықтыққа жүгіру сыны аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл жарысқа ек қазақстандық спортшы – Нұрберген Жұмағазиев пен Абзал Әжғалиев қатысты.

Нұрберген Жұмағазиев ширек финалда жақсырақ көрсеткішке қол жеткізді (41,130 секунд), алайда оның тобында кіл мықтылар жүгірген болатын. Сол себепті қазақстандық шорттрекші жартылай финалға өте алмады.

Абзал Әжғалиев болса, қашықтықты 42,031 секундта жүгіріп өтіп, үшінші ширек финалда бесінші болып келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер