ММА

Ресейлік спортшы чемпиондық белбеуін қазақ халқына сыйға тартты

Ресейлік спортшы чемпиондық белбеуін қазақ халқына сыйға тартты
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өткен АСА 102 турнирінде ресейлік спортшылар Алберт Түменов пен Беслан Ушуков чемпиондық атаққа таласты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бұл жекпе-жекте жеңіске жетіп, белбеуді қорғай алдым. Қолдау білдірген барлық жанкүйерге ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар, Беслан Ушуковқа денсаулық тілеймін. Ол тамаша спортшы. Қолдау білдірген Қазақстанға рахмет, керемет болды.

Бұл белбеу дәл қазіргі сәтте мендегі ең құнды дүние. Қазақстан мен үшін, халқым үшін екінші Отан саналады. Бұл белбеуді барша қазақ халқына қалдырғым келеді. Менің халқымды осы жерге қоныс аударғанда шынайы көңілмен қарсы алған болатын. Қазақ халқына менен естелік болуы үшін белбеуді қалдыру туралы командаммен, достарыммен осындай шешім қабылдадық», - деп жазды Альберт Түменов Instagram-дағы парақшасында .

Түменов қарсыласын 2-раундта нокаутқа түсірген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер