ММА

«Найманның» Алматыдағы жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұған дейін Қуат Хамитов (20-6) 13 желтоқсан күні Краснодарда өтетін GFC 21 турнирінде тәжікстандық Нурилло Алиевпен (4-0) жұдырықтасады деп хабарланған еді.

Алайда «Найман» мен Алиевтің жекпе-жегі желтоқсан айының соңында Алматыда өтетін GFC 23 турниріне ауыстырылды.

Дегенмен тәжікстандық спортшы Нурилло Алиев Қазақстанға келуден бас тартып отыр. Оның айтуынша, Алматыда төрешілер жеңісті жергілікті спортшыға береді.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Нариман Аббасовтан ұтылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер