Қысқы

Шорт-тректен әлем кубогы: Қазақстандық спортшылар нәтижесі

news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Нагоя қаласында шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі өтіп жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін назарларыңызға ұсынады.

Еркебұлан Шамұханов 1000 метрге жарысудан В финалында сынға түсіп, үшінші орында қалды. А финалында кореялық Парк Джи Вон топ жарса, венгриялық Шаоанг Лю күміс, ресейлік Семен Елистратов қола жүлдегер атанды.

1500 метрге жарысқан ерлер арасында Қазақстан атынан Нұрберген Жұмағазиев пен Әділ Ғалиахметов сынға түскен болатын. Аталған спортшылар В финалында тиісінше 4-ші және 5-ші орын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер