Бокс

Айдос Ербосынұлы жаттығуының видеосын жариялады

news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой бокста жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) кезекті жекпе-жекке дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айдос 21 желтоқсан күні Красноярск қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Қарсыласы әлі белгісіз.

- Біздің дайындық жұмыстарымыз жалғасуда. Алла қаласа 21 желтоқсан шаршы алаңда ел намысын қорғайтын боламыз, - деп жазды боксшы.

Осы кеште жартылай орта салмақтағы тағы бір қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев та (8-0, 5 КО) кездесу өткізеді. Оның қарсыласы - венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО).

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер