Басқа

Ермек Айназаров каратеден Премьер-лиганың финалына жолдама алды

news-banner7
mobile-news-top

Мадридте өтіп жатқан каратеден Премьер-лига турнирінің финалына шыққан қазақстандық спортшылар саны тағы бірге көбейді. 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ермек Айназаров ақтық сында айқасады.

Ермек іріктеу айналымында Италия, Франция және Жапония спортшыларынан басым түсті. Топтағы соңғы кездесуде олимпиадалық рейтингте алтыншы орында тұрған америкалық спортшы Томас Скотты 3:2 есебімен ұтса, жартылай финалда испандық спортшыны бір ұпай айырмасымен жеңді.

Финалдық кездесу жексенбі, 1 желтоқсанға жоспарланған.

Айта кетелік, бұған дейін Қайсар Алпысбай мен Дархан Асаділов 60 келі салмақта турнирі финалистері атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер