Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогы кезеңінің жүлдегері атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФинляндияда шаңғы акробатикасынан Еуропа кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың осы түрі бойынша әйелдер арасында қазақстандық Жанбота Алдабергенова күміс медаль жеңіп алды. 170,08 ұпай еншілеген Жанбота тек аустриялық Лауре Пеэльге (184,66 ұпай ) ғана жол берді. Украиналық Анастасия Новосад (153,92 ұпай ) қола жүлдеге ие болды.
Фото olympic.kz