Хоккей

Кевин Даллмэн Нұр-Сұлтанға келді

Кевин Даллмэн Нұр-Сұлтанға келді
news-banner7
mobile-news-top

1 желтоқсан күні «Барыс» пен минскілік «Динамо» арасындағы матч алдында клубтың 20 жылдығына орай, команданың атақты ойыншыларының аты жазылған жейделері жоғары көтерілетін болады, деп хабарлайды Prosports.kz

Салтанатты шараның басты қонақтарының бірі клубтың көпжылдық көшбасшысы, әрі капитаны Кевин Даллмэн болмақ. Ол Қазақстан астанасына жалғыз емес, өзінің туған ағасымен келді.

Бұл туралы «Барыстың» Instagram желісіндегі парақшасы хабарлайды.

Еске сала кетейік, Кевин Даллмэн «Барыс» сапында 9 маусым өткізді. ҚХЛ-дың 620 матчында ойнап, 431 (142+289) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер