Бокс

Альварес екінші орта салмақ титулынан бас тартты

Альварес екінші орта салмақ титулынан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес екінші орта салмақтағы WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz Boxingnews24 порталына сілтеме жасап.

Канело - дәл қазіргі сәтте екі салмақ дәрежесі (орта және жартылай ауыр) бойынша әлем чемпионы. Оның алдағы жоспары туралы ештеңе белгісіз.

Сауль жалпы алғанда, өз мәнсабында 4 дивизионның титулдарын жеңіп алған болатын. Осындай жетістікке жеткен төртінші мексикалық екенін де атап өткен жөн.

Еске сала кетелік, Альварес соңғы рет 2 қарашада рингке шығып, ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа түсірген еді.

Порталдың жазуынша, WBA Regular белбеуіне Джон Райдер мен Леннокс Аллен таласуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер