Басқа

Қазақстандық каратешілер халықаралық турнирдің финалында кездеседі

Қазақстандық каратешілер халықаралық турнирдің финалында кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Испания астанасы Мадридте каратеден Премьер-лига турнирі басталды. Жылдың ең соңғы ресми жарысы қазақстандықтар үшін сәтті өтіп жатыр. 60 келіде сынға түскен қос қазақстандық спортшы финалда кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жарыс күнінде ерлерден 60, 67 және 75 келіде, қыздардан 50, 55 келідегі спортшылар бақ сынауда. Алғаш болып 60 келіде финалға шыққан спортшылар анықталды. Осы салмақта сынға түскен Қайсар Алпысбай мен Дархан Асаділов финалға дейін сүрінген жоқ. Қайсар Жапония және Гонконг спортшыларын жеңген соң, әлем чемпионы, италиялық Анджело Кречензоны ұтты. Қазақстандық каратеші 6:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионына ешқандай мүмкіндік бермеді. Ал жартылай финалда Қайсар Марокко өкілін жеңді. Олимпиадалық рейтингте көш бастап тұрған Дархан Асаділов Буркино-Фасо, Уругвай, Венесуэла спортшыларынан басым түсті. Ал жартылай финалда олимпиадалық рейтингте 4-ші орында тұрған түркиялық Самдан Ераиді ұтты. Осылайша, Премьер-лига турнирінің ақтық сынында екі қазақ спортшысы кездесу өткізеді. Айта кетелік, Мадридтегі жылдың қорытынды турниріне әлемнің 79 мемлекетінен 800 спортшы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер