ММА

Талдықорғанда аралас жекпе-жектен ҚР кубогы турнирі өтеді

Талдықорғанда аралас жекпе-жектен ҚР кубогы турнирі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылдың 4-8 желтоқсаны аралығында Талдықорған қаласында Аралас жекпе-жектен (ММА) әуесқойлар арасында Қазақстан кубогы турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің өтуіне ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру жөніндегі комитет, Алматы облысының әкімдігі, Талдықорған қаласы әкімдігі, Алматы облысы ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы мұрындық болып отыр.

Айта кетелік, жарыс 11 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Турнирде жеңімпаз атанған спортшыға «ҚР спорт шебері» атағы беріледі.

Турнирдің ұйымдастырушысы 2018 жылдың желтоқсан айында бірнеше ММА федерацияларын біріктірген – Қазақстанның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер