Хоккей

«Барыс» мерейтойға арналған жаңа жейдемен ойнамақ

«Барыс» мерейтойға арналған жаңа жейдемен ойнамақ
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубыөзінің он жылдық мерейтойына арнап, жаңа жейде дизайнын жасап шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Барыстың» мерейтойына арнайы жаңа үлгідегі ойын жейделері әзірленді, команда осы формасын киіп, 1 желтоқсанда минскілік «Динамомен» және 4 желтоқсанда «Йокеритпен» ойнайды.

Мерейтойлық күртешелер дизайнының ерекшелігі, онда команданың жиырма жылы ішінде «Барыс» үшін ойнаған барлық хоккейшілердің аты-жөні басылып жазылған.

Бұдан кейін барлық ойын күртешелері желтоқсан айының соңында үй матчтарының бірінде қайырымдылық аукционында сатылады, ал жиналған қаражат «Снежные Барсы» командасының қақпашысы Вилен Прокофьевке (сүйек обыры) аударылады», деп жазылған парақшада.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер