Финонченко «Шахтердің» спорт директоры болып тағайындалды

Финонченко «Шахтердің» спорт директоры болып тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Аңыз ойыншы Андрей Финонченко қарағандылық «Шахтер» футбол клубтың спорт директоры болып тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Андрей Финонченко - 2003 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені, 2013 жылғы Қазақстанның үздік футболшысы, 2013 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үздік футболшысы, 2007 және 2009 жылдары Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2011 және 2012 жылдары Қазақстан чемпионы, 2013 жылғы Қазақстан кубогының және Қазақстан Суперкубогының иегері.

Қарағандылық жанкүйерлердің сүйіктісі ойыншысы «Шахтер» сапында 434 матч өткізіп, 126 гол соққан. Бұдан бөлек, ұлттық құрамада 20 матч өткізіп, бес гол соққан.

2017 - 2019 жылдары «Шахтер» бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер