Эрич «Астана» сапындағы 300-ші ойынын өткізді

Эрич «Астана» сапындағы 300-ші ойынын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Манчестер Юнайтед» командасын 2:1 есебімен жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Осы кездесуде алаңға шыққан елорда командасының капитаны Ненад Эрич клуб сапындағы мерейлі 300-ші ойынын өткізді.

Команданың негізгі қақпашысы осы межеге жеткен клуб тарихындағы тұңғыш ойыншы екенін осы тұста айта кеткен жөн.

Эрич клуб сапына 2011 жылы қосылып, артта қалған 9 маусым ішінде 6 дүркін Қазақстан чемпионы атанып, УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнап, бір мәрте Еуропа Лигасының 1/16 финалына шыққан болатын.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер