Садриддин Ахмедов кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр (видео)
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша «жастар» арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстандық боксшы Аргентина елінің өкілі Хосе Антонио Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) сынға түседі. Жекпе-жек он раундқа есептелген. Кештің басты кездесуінде Давид Лемье (40-4, 34 КО) — Макс Бурсак (35-5-2, 16 КО) жұдырықтасады.
TVA Sports журналисі Нэнси Одэт өзінің твиттер-парақшасында боксшының жаттығу сәтінен видео жариялады.
À ne pas manquer ce soir @TVASports notre reportage avec Sadriddin Akhmedov. Le joyau d'@EOTMVD poursuit sa progression et espère passer à la vitesse supérieure en 2020. pic.twitter.com/ScHoPYZ6jd
— Nancy Audet (@naaudet_TVA) 27 ноября 2019 г.