Бокс

Садриддин Ахмедов кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр (видео)

news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша «жастар» арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы Аргентина елінің өкілі Хосе Антонио Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) сынға түседі. Жекпе-жек он раундқа есептелген. Кештің басты кездесуінде Давид Лемье (40-4, 34 КО) — Макс Бурсак (35-5-2, 16 КО) жұдырықтасады.

TVA Sports журналисі Нэнси Одэт өзінің твиттер-парақшасында боксшының жаттығу сәтінен видео жариялады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер