Әлем футболы

Букмекерлік кеңселер Мессидің «Алтын доп» жүлдесін алатынына сенімді

Букмекерлік кеңселер Мессидің «Алтын доп» жүлдесін алатынына сенімді
news-banner7
mobile-news-top

2 желтоқсан күні Парижде «Алтын доп» жүлдесінің салтанатты кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

«Ливерпуль» ойыншысы Вирджил ван Дейк пен «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси басты үміткерлер қатарында тұр.

Қазан айында Ван Дейк анық фаворит саналған болатын. Букмекерлер Вирджилге 1.36 коэффициент (68%) берген, ал Мессиге 2.87 (32%) коэффициенті қойылды.

26 қарашада БАҚ өкілдері премия құрылтайшыларының Мессиге дауыс беруде жеңіске жеткенін хабарлап, сұхбат алғаны жайлы жарыса жазды. Букмекерлік кеңселерде Мессидің жеңісі 1.1 коэффициентпен бағаланды.

Айта кетелік, Мессидің дәл қазіргі сәтте 5 «Алтын добы» бар. 32 жастағы шабуылшы 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары әлемдегі ең беделді жүлдеге ие болған еді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер