Дмитрий Шомко: Кейін немерелеріме «Манчестер Юнайтедке» гол соққанмын деп айтып отырамын

Дмитрий Шомко: Кейін немерелеріме «Манчестер Юнайтедке» гол соққанмын деп айтып отырамын
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко өз командасының Еуропа лигасының 5-турында «Манчестер Юнайтед» командасын жеңгені жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Стадион лық толды және біз биылғы жылдың соңғы ойынында жанкүйерлерімізді қуанттық. Әр маусымда мұндай мықтымен ойнау бұйыра бермейді. Жеңіске жеткеніміз жақсы болды.

Кейін немерелеріме баяғыда «Манчестер Юнайтедтің» қақпасын дәл көздедім деп айтып отырамын. Ал шын мәнінде кімнің гол соққаны маңызды емес. Ең бастысы, біз жеңдік. Көңіл-күйіміз тамаша», - деді Шомко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер