Басқа

Серік Сәпиев Жапонияның Касихара қаласының басшылығымен кездесті

Серік Сәпиев Жапонияның Касихара қаласының басшылығымен кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Жапонияның Касихара қаласының дамыту департаментінің басшысы Такахиро Ямазакимен және осы қаланың бір топ өкілдерімен кездесті.

Айта кетейік, Касихара қаласын дамыту департаментінің басшысы Такахиро Ямазаки сонымен қатар, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиаданың пиар бөлімінің жетекшісі қызметін қоса атқарады.

Тараптар алдағы Олимпиадаға дайындық барысы мен төртжылдықтың басты додасы аясында өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселесі төңірегінде диалог құрды. Жапондық тарап Қазақстанға олимпия ойындарына дайындық барысында қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Серік Сәпиев отандық спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын Жапонияда өткізу мүмкіндігін қарастыру мәселелерін алға тартты.

«Қазақстан мен Жапонияның іскерлік қарым қатынасы қашанда жақсы болған. Біз барлық салада тығыз ынтымақтастық орнатқанбыз. Отандық спортшылар, оның ішінде жеңіл атлетика, волейбол, дзюдо, үстел теннисі спортшылары Жапонияда жүйелі түрде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп тұрады. Басқа да спорт түрлерінен дайындық барысын сіздің елде өткізу мүмкіндігін қарастыру маңызды»,-деді Серік Сәпиев.

Өз кезегінде Такахиро Ямазаки олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша қандай да бір көмек қажет болған жағдайда, Касихара қаласы әкімшілігінің қашанда ынтымақтастыққа ашық екендігін жеткізді.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер