Михал Билек ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырады

Михал Билек ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек еліміздің бас командасын жалғасты жаттықтыратын болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордада өткен, Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділбек Жақсыбековтің құрама командалар департаментінің директоры және ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабымен кездесуінде айтылды.

Қазақстан құрамасы чехиялық маманның жетекшілімен Еуро-2020 іріктеу кезеңінде 10 ойында 10 ұпай жинады.

ҚФФ басшысы Әділбек Жақсыбеков жаттықтырушылар штабының жұмысына оң баға беріп, келесі маусымда Қазақстан Ұлттық құрамасының жетістігін жақсартуды тапсырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер