Бокс

16 желтоқсан күні Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

news-banner7
mobile-news-top

16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Қанат Алтаевтың есімі бокс жанкүйерлеріне жақсы таныс. Қазіргі уақытта аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Ұлыбританияның «MTK Global Kazakhstan» компаниясының филиалында жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

«MTK Global Kazakhstan» менеджерлік компаниясы биыл ғана құрылды. Соған қарамастан біз қысқа ғана мерзімде біраз шаруа тындырдық.

Бүгінгі күні біздің компанияда 12 боксшы бар. Атап айтсақ, Жанқош Тұраров, Виктор Коточигов, Али Балоев, Абай Төлеш, Елшат Нығметолла, Абылқайыр Шеғалиев, Рай Сейітжанов, Ескендір Харсан, Нұртас Әжбенов, Нұрдос Төлебай, Мирасәлі Сәрсенов. Тағы бір жерлесіміз Сұлтан Заурбек Ұлыбританияда оқу курсынан өтіп жатыр, ол «MTK Global» компаниясымен келісімшартқа отырды. Спорт жанкүйерлеріне бұл компания туралы түсіндірудің қажеті жоқ деп санаймын, өйткені оның құрамында 250-ден астам боксшы бар, олардың ішінде Тайсон Фьюри, Джо Саундерс және басқалары бар», - дейді жаттықтырушы.

Қанат Алтаев кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасуға шығатын барлық боксшылардың ерекше дайындалып жатқанын атап өтті.

«16 желтоқсан - қазақстандықтар үшін айтулы және тарихи күн. Бұл - мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні. Осындай айтулы күнде Қазақстанның туы астында өнер көрсету - біз үшін үлкен мәртебе. Жігіттер өз шеберлігін барынша көрсетуге тырысады. Миллиондаған отандастарымыздың үмітін ақтауға барын салады. Жақын күндері жігіттер қарсыласының атын білетін болады «, - деді Қанат Алтаев.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер