Әлем футболы

Жылдың үздік футбол төрешілері анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2019 жылдың үздік төрешілері тізімін жариялады.

90 елдің сарапшылары мен таңдаулы журналистері 2019 жылдың үздік бапкерін анықтады. Дауыс беру нәтижесіне орай, словениялық рефери Дамир Скомина 136 ұпаймен үздік атанды.

Төреші биыл «Ливерпуль» және «Тоттенхэм» командалары арасындағы 2018/19 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының финалын басқарды. Екінші орынды 129 ұпай жинаған германиялық Феликс Брих алды, ал үшінші орындағы нидерланд өкілі Бьорн Күйперс 61 ұпай жинады. Еуропалық емес төрешілердің арасында аргентиналық Нестор Питана 38 ұпаймен үздік болды.

Жалпы тізімде 12-орынға тұрақтаған Иран өкілі Әлиреза Фағани Азияның үздік төрешісі атанды. Азияның бес дүркін үздік төрешісі болған өзбекстандық рефери Равшан Ирматовқа биыл құрлықта екінші, жалпы тізімде 17-орын бұйырды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер