Әлем футболы

Ресей косовалық футболшыны Еуропа лигасы матчы алдында ел аумағына кіргізбей қойды

Ресей косовалық футболшыны Еуропа лигасы матчы алдында ел аумағына кіргізбей қойды
news-banner7
mobile-news-top

«Базель» футболшысы Эдон Жегрова ресейлік «Краснодармен» болатын матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропа лигасының 5-ші турында «Краснодар» өз алаңында швейцариялық «Базельді» қабылдайды. Матч алдында саяси мәселе туындады. Ресей тарапы «Базель» сапындағы косовалық футболшы Эдон Жегрованы ел аумағына кіргізбейтінін хабарлады. Бар мәселе, футболшының шыққан тегінде болып тұр. Косовалық азаматтар бұл елге кіре алмайды. Себебі, Косова мемлекеті 2008 жылы Сербиядан бөлініп кеткеннен кейін, Ресей бұл елдің тәуелсіздігін мойындамайды.

Ал, БҰҰ-ның Жоғарғы соты Косованы тәуелсіз ел деп таныды. 2017 жылы бұл ұйымның құрамына кіретін 114 мемлекет те Косованың тәуелсіздігін мойындаған.

УЕФА Косова мен Ресей елінің командаларын бір топта ойнатпайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер