Велоспорт

Артем Захаров «Астана» командасында өнер көрсетуін одан әрі жалғастырмақ

Артем Захаров «Астана» командасында өнер көрсетуін одан әрі жалғастырмақ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық велошабандоз Артем Захаров 2020-жылғы маусымда да «Астана» командасының намысын қорғайтын болады. Бірнеше күн бұрын команда мен шабандоз арасында келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық ұжымның ресми сайтына сілтеме жасап.

- Ең алдымен кәсіби шабандоз ретінде маған сенім артып, қолдау білдірген бас менеджеріміз Александр Винокуровқа алғысымды білдіремін. Осы жылдар бойы командадағы әріптестеріме жеңіске қол жеткізу үшін көмек көрсету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Мен қатысқан көптеген веложарыстарда біздің көшбасшыларымыз жеңіске жетіп, жүлделі орындарға ие болғандары үшін қуаныштымын. Командаға маңызды жеңістерге қол жеткізуге одан әрі көмек көрсетуге дайынмын. Әрине, жекелей жоғары нәтижеге де қол жеткізгім келеді. Және келесі маусымда өзімді танытуға мүмкіндігім болады деп үміттенемін. Олимпиада ойындары – бұл үлкен мақсат және кез-келген спортшының арманы. Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама алу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Мен үшін Олимпиада жылы «Астана» сапында өнер көрсету өте маңызды. Себебі команда жаттығу жасап, Олимпиада ойындарына дайындалу үшін ең жақсы мүмкіндікті жасайды. Сонымен қатар осы жылдар бойы тамаша қолдау білдіріп келе жатқан «Самұрық-Қазынаға» алғыс айтамын, - деді Артем Захаров.

Артем Захаров (28 жаста) трек маманы және велоспорттан Қазақстан атынан Олимпиадаға үміткер. Жақын арада Захаров омниум сайысынан рейтингтік ұпайлар үшін таласқа түсе бастайды. Және Токиода өтетін Олимпиада Ойындарына жолдама алуға тырысады. Алдағы уақытта шабандоз Гонконгта, Кембриджде (Жаңа Зеландия) және Брисбенде (Аустралия) Әлем Кубогінің шешуші кезеңдерінде бақ сынайды. Қазіргі таңда Артем Захаров омниум дисциплинасы бойынша Әлемдік рейтингте 7-орында тұр. Захаров «Астана» сапына 2016-жылы сынақтан өтуші ретінде келген болатын. Ал 2017-жылдың қаңтар айынан бастап ресми түрде команда құрамына қосылды. Трек сайысынан қол жеткізген біраз жетістіктерінен бөлек шабандоз тас жолдағы велоспорттан да бірқатар жақсы нәтижелер көрсетті. Сонымен, 2017 жылы ол Қазақстан чемпионатында топтық жарыста жеңіске жетті. Ал 2019 жылы ұлттық құрама сапында болып, Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Одан бөлек Артем биылғы жылы көманда көшбасшыларына көмек көрсетіп, ауқымды жұмыс атқарды. «Оман турында» жалпы есеп бойынша жеңіске жеткен Алексей Луценкоға, ал «Президенттік Түркия турында» қорытынды жеңіске жету үшін Мерхави Кудусқа көмектесті. «Алматы турында» Юрий Натаровқа жеңімпаз атану үшін қолдау көрсетті.

- Артем команда көшбасшысына қолдау көрсетуге әрдайым дайын тұратын жақсы шабандоз. Әрине, қазіргі таңдағы оның басты мақсаты омниум сайысы бойынша Олимпиадаға жолдама жеңіп алу. Бұл команда үшін де, Қазақстан үшін де маңызды. Захаровты алда желтоқсан айында Әлем Кубогінің үш кезеңі күтіп тұр. Және сол жарыстарда жақсы өнер көрсетеді деп ойлаймыз. Артем қазір омниум бойынша Әлемдік рейтингте 7-орында тұр. Бұл өте жақсы позиция. Әрине, келесі маусымда шабандозымыз командаға тас жолдағы велоспорттан өтетін жарыстарда көмегі тиеді. Сондықтан Артем «Астана» сапында қалатынына қуаныштымын, - деді бас менеджер Александр Винокуров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер