Басқа

Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
news-banner7
mobile-news-top
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ашылуына орай кездесті.
Екі тарап сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен күресуге бағытталған Жарғыға қол қойды.
Жиында алғаш сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еліміздің барлық өңірлерінде «Адалдық алаңы» жобасын іске асырып жатқанына тоқтала келе оның басты мақсаты- сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру екендігін айтты.
"Бүгінгі таңда «Адалдық алаңы» жобасы қоғамымыздың көптеген әлеуметтік-маңызды салаларында сәтті жүзеге асырылуда. Біз де бұл бастаманы қуана қолдаймыз. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамның сенімін арттыру біздің басты міндетіміз. Біз Министрлік жұмысын жетілдіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға бағытталған азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстары үшін ашықпыз.
Біз қабылданатын шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттырудағы пәрменді құрал болатынына сенімдіміз", - деді Ақтоты Райымқұлова.
Бүгінгі таңда Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес іске қосылған Агенттіктің «Адалдық алаңы» жобасы шағын жобадан жалпыұлттық қозғалысқа айналғанын құптай келе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары құрамына азаматтық қоғамның, үкіметтік емес сектордың, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен белсенді қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар кірген бұл жоба қазір мемлекет пен қоғам арасындағы дәнекер рөліне ие болғанын нақтылады.

"Жобалық кеңселердің басты мақсаты - халыққа ашық, жайлы әрі қол жетімді қызмет көрсету арқылы тұрмыстық жемқорлықты азайту. Қазір жобаның аясында «Protecting business and investments» және «Адал жол», «Саналы Ұрпақ» бастамалары іске асырылуда. Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік органдардың ашықтығын, айқындылығын және есептілік деңгейін арттыруға арналған мемлекеттік қызметті цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Біз мемлекеттілігіміз мығым, тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін «жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты» бірлесіп жоюымыз керек! «Бармақ мықты болса, саусақтардың жұдырық болуы оңай» - демекші біз осы мерейлі міндетке «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып жұмылуға тиіспіз. Өз кезегімде, осы игілікті іске Министрлікпен қоса, оған бағынысты барлық мәдениет ордалары мен өнер майталмандарының атсалысатынына сенім білдіремін", - деді Олжас Бектенов.
Кездесу барысында Министрлік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ұзақ мерзімді жұмыс жоспарын әзірлеп, алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жұмыстарды айқындады.
Кездесуден соң, Ақтоты Райымқұлова "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде азаматтармен кездесіп, сұрақтарға жауап берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер