Басқа

Қазақстандық каратешілер Испанияда бірлескен жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Қазақстандық каратешілер Испанияда бірлескен жаттығу жиынын өткізіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Каратеден Қазақстан командасы Испанияның Мадрид қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

Жиынға әлемнің он мемлекетінен алпыстан аса спортшы қатысуда. Олардың қатарында Жасталап Санауов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да бар.

Бірлескен жаттығу жиынына Қазақстан атынан 9 спортшы қатысуда. Олар – Азия ойындарының чемпионы Гузалия Гафурова мен Дархан Асаділов, Азиада жүлдегері Данияр Юлдашев пен Дидар Әмірәлі және халықаралық сындарда көзге түскен Қазақстан командасының өзге де мүшелері.

Аталған жиын 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтетін биылғы маусымдағы Премьер-лиганың соңғы кезеңі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер