Басқа

Токио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылар оқу-жаттығуларын Жапонияда өткізе алады

Токио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылар оқу-жаттығуларын Жапонияда өткізе алады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына қатысты оқу-жаттығуларын Жапонияда өткізе алады.

Дәл осындай мазмұндағы меморандуға қос елдің өкілдері қол қойды. Елордада өткен жиында алдағы байрақты бәсекенің маңыздылығы сөз болды. Осыған байланысты Ұлттық олимпиадалық және паралимпиадалық құрамалар Нара аймағындағы Кашихра қаласында дайындықты пысықтайтын болды. Ол жерде жерлестерімізге арналған жаттығу лагері бар. Бұған қоса, кездесу барысында Токио Олимпиадасына тігілетін костюмдердің дизайнына қатысты қос тарап бір-біріне қолдау жасау жөнінде келісім жасалды.

Тацухико Касаи, Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл меморандумның қос ел спортшылары үшін маңызы зор. Осының арқасында ұлттық құрамаларымыздың нәтижесі жақсы болады деген үміттеміз. Қазақстан және Жапония тарапы алдағы Олимпиададан бірнеше алтын алуды көздеп отыр.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер