Теннис

Дэвис кубогы: Пәкістан мен Үндістан арасындағы матч Қазақстанда өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Дэвис кубогының іріктеу кезеңіне жолдама беретін Пәкістан мен Үндістан құрамалары арасындағы матч 29 және 30 қарашада Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азия және Мұхит аймағының іріктеу матчының жеңімпазы Хорватия құрамасымен 2020 жылы қарашада Мадридте өтетін Дэвис кубогының финалдық турниріне берілер жолдамаға таласады.

Ойын кестесі Үндістан - Пәкістан:

29 қараша сағат 14:00-де басталады

30 қараша сағат 12:00-де басталады

Айта кетейік, Пәкістан мен Үндістан бірнеше онжылдықтар бойы Джамму мен Кашмирде шекаралық қақтығыстарды жүргізіп келеді. Сондықтан күтпеген оқиғалардың алдын алу үшін матчты бейтарап жерде өткізу туралы шешім қабылданған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер