Әлем футболы

«Астананың» қарсыласы атақты ойыншысын сатпақ

«Астананың» қарсыласы атақты ойыншысын сатпақ
news-banner7
mobile-news-top

Франция футболшысы Поль Погба «Манчестер Юнайтедтен» кеткісі келеді. Бұл туралы клубтың жай-күйін жақсы білетін дереккөздер хабарлайды, деп жазады Prosports.kz.

Погба 30 қыркүйекте жарақатынан толық айықты, дегенмен екі айдан бері жасыл алаңға шықпай жүр. Футболшының манчестерлік клубта қалғысы жоқ.

Команданың бас бапкері Уле Гуннар Сульшер ойыншымен қош айтысқысы келмеген еді, алайда соңғы кездері Погбаның оғаш қылықтарын көрген ол алдағы трансферлік кезеңде сатқысы келетін көрінеді.

Клуб басшылығы шабуылшыны 150 миллион еуроға бағалап отыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер