«Астана» — «Манчестер Юнайтед» кездесуіне төрелік ететіндер белгілі болды

«Астана» — «Манчестер Юнайтед» кездесуіне төрелік ететіндер белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында өтетін «Астана» — «Манчестер Юнайтед» кездесуіне төрелік ететіндер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бас төреші боп литвалық Донатас Румшас сайланды. Оған жерлестері Александр Радиус пен Довидас Сужеделис көмектеседі. Төртінші арбитр — Донатас Шименас.

«Астана Аренада» болатын кездесу 28 қараша күні Нұр-Сұлтанда өтеді. Басталу уақыты - жергілікті уақыт бойынша 21:50-де.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер