Бес шаңғышы құлап, алтыншы орындағы спортшы жеңіске жетті. Видео
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызШвециялық Елливер қаласында маусым алдындағы турнирде көш бастап келе жатқан спортшылар құлап, жүлдеден қағылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Спринтерлік жарыста бұрылыстардың бірінде швециялық бес шаңғышы жүлдеге таласқан. Біреуі күтпеген жерден құлап, жанындағы отандасын да жыққан. Артында келе жатқан тағы үш швед шаңғысы айналып өте алмай, қарға құлаған.
Ал олардан сәл қалып қойған швейцариялық Надин Фандрих құлаған қарсыластарынан айналып өтіп, турнирді жеңіп алды.