Басқа

Бангкокта садақ атудан лицензиялық Азия чемпионаты басталды

Бангкокта садақ атудан лицензиялық Азия чемпионаты басталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Тайландтың Бангкок қаласында садақ атудан лицензиялық Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні өтуде деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Классикалық садақ атудан ерлер арасындағы жарыстың бірінші айналымы артта қалды. Қазақстандықтар сапынан ең көп ұпай жинаған - Денис Ганькин. Ол 337 ұпаймен алтыншы орында тұр. Сұлтан Дүзелбаев 26-шы, Ильфат Абдуллин 43-ші, Санжар Мұсаев 46-шы орында келеді. Айта кетелік, классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленген болатын. Біздің команда лицензияны Голландияда өткен әлем чемпионатында жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер