Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылар Осакадағы Grand Slam турнирін жеңіліспен бастады

Қазақстандық дзюдошылар Осакадағы Grand Slam турнирін жеңіліспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Осака қаласында дзюдодан Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні басталды. Өкінішке қарай, бүгін татамиге шыққан спортшылардың басым бөлігі жеңіліс тапты деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.

73 келіде сынға түскен Жанболат Бағытбергенов бірінші айналымда румыниялық балуанға есе жіберді.

81 келіде белдескен Руслан Мұсаев та алғашқы кезеңде ұтылды. Ол Оңтүстік Корея спортшысынан жеңілген.

57 келідегі Севара Нишанбаева бірінші кездесуінде жапониялық Момо Тамаокиден жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер