ММА

Емельяненко мен Кокляев төбелесетін жекпе-жек кешінің толық файт-карды

Емельяненко мен Кокляев төбелесетін жекпе-жек кешінің толық файт-карды
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеудегі аралас жекпе-жек кешінің толық файт-карды анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің негізгі жекпе-жегі ресейлік ММА файтері Александр Емельяненко мен оның отандасы пауэрлифтинг Михаил Кокляев арасында өтеді. Турнирді 29 қарашада ВТБ Арена қабылдайды.

Негізгі шайқас алдында тағы екі жұп жұдырықтасады. Максим Новоселов рингке Алексей Гончаровқа, ал Эдгар Гукасян - Кулва Бушириге қарсы шығады.

Осы кеште тағы бес жекпе-жек өтеді. Турнирді Ресей өкілдері - жеңіл салмақтағы спортшылар Валерия Родионова мен Дарья Кутырова ашады. Екінші болып алаңға ауыр салмақтағы ресейлік спортшы Вартан Арутюнян мен Украинаның спорт шебері Иван Безверхий шығады. Үшінші жұп жеңіл салмақта - КMС және бокс бойынша Мәскеу чемпионатының жеңімпазы Владимир Мышев пен бокс және кикбоксинг бойынша Грузия спорт шебері Цотне Султанишвилимен кездеседі. Кештің бесінші жекпе-жегінде бокстан жеңіл салмақтағы Өзбекстан чемпионы Мухамсамсалим Сотволдиев пен бокстан Ресей спорт шебері Вячеслав Летовальцев төбелеседі.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер