Теннис

Дэвис кубогы: Бублик ағылшындық қарсыласын жеңді

Дэвис кубогы: Бублик ағылшындық қарсыласын жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Мадридте ерлер теннисінен беделді халықаралық командалық жарыс - Дэвис кубогы жалғасып жатыр.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екінші матчта Александр Бублик ағылшындық Дэниэл Эванспен ойнады.

Матч 5:7, 6:4, 6:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Бірінші матчта Михаил Кукушкин екі сетте Кайл Эдмундтан жеңіліп қалған болатын.

Осылайша, Қазақстан Дэвис кубогында Ұлыбританиямен текетіресте есепті теңестірді - 1: 1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер