Әлем футболы

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес Мароккода құпия түрде үйленді

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес Мароккода құпия түрде үйленді
news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мен оның қалыңдығы испаниялық модель Джорджина Родригес Мароккода құпия түрде үйленді. Бұл туралы италиялық басылымдар жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ, дегенмен журналистер Джорджинаның Роналдуды дүйім елдің көзінше «күйеуім» деп абайсызда айтып қалуын дәлел ретінде келтіреді. Жұбайлардың Алана Мартина атты қыздары бар.

Үйлену тойы Мароккода жабық есік жағдайында өткен сыңайлы және суретке түсіруге тек Италияның Novella 2000 атты журналы ғана эксклюзивті құқыққа ие болғанға ұқсайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер