Командалық

Қазақстандықтар волейболдан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирлерінде төрешілік етеді

Қазақстандықтар волейболдан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирлерінде төрешілік етеді
news-banner7
mobile-news-top

Азия волейбол конфедерациясы қазақстандықтар Айдос Ахметов пен Юлия Акулованы Токио Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу турнирі матчтарына төреші етіп тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Ахметов 2020 жылдың 7-12 қаңтарында Қытайдың Цзянмынінде өтетін Азия іріктеу турнирінде төрешілік етеді.

Акулова Тайландтың Нахонратчасимесінде жалауы желбірейтін құрлықтық іріктеу турниріне барады.

Еске сала кетелік, Қазақстан әйелдер құрамасы Иран, Индонезия және Оңтүстік Кореямен жолдамаға таласса, ерлер құрамасы Қытай, Иран, Қытай Тайбейімен бақ сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер