Әлем футболы

УЕФА Бельгия құрамасына қатысты тәртіптік іс қозғады

УЕФА Бельгия құрамасына қатысты тәртіптік іс қозғады
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Бельгия корольдік футбол ассоциациясына қатысты тәртіптік іс қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кампаниясындағы Ресеймен өткен ойында болып тұр. Бельгиялықтар ойынға кешігіп шыққан. Оның үстіне екінші таймда Дедрик Боята атты қорғаушы Миши Батшуайидің формасын киіп шыққан. Араға 10 минут салып, оған басқа жейдеше берілді.

Айыптауды 12 желтоқсан күні УЕФА Тәртіптік комитеті қарайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер