Бокс

Садриддин Ахмедов: Қазақ елі, үлкен жеңістерім әлі алда

Садриддин Ахмедов: Қазақ елі, үлкен жеңістерім әлі алда
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой рингте жеңіліс дегенді білмейтін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов жекпе-жегіне қанша күн қалғанын жанкүйерлер назарына салып қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Instagram желісіндегі ресми парақшасына «Ассалаумағалейкум баршаңызға! Жекпе-жекке дейін 18 күн қалды. Қазақ елі үшін бар күшімізді салатын боламыз. Алға, Қазақ елі, үлкен жеңістер алда!» деп жазды.

Жерлесіміздің қарсыласы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос болмақ (12-5-2, 7 КО). Бұл жекпе-жек 7 желтоқсанда Монреальда (Канада) өтеді. Осы кештің басты жекпе-жегінде Давид Лемье Макс Бурсакпен кездеседі.

Еске салайық, Садриддин соңғы жекпе-жегін 25 қазанда өткізіп, жетінші раундта мексикалық Джонни Наварретені нокаутқа жіберген еді (33-16-2, 15 КО).

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер