Дзюдо

Елдос Жұмақанов: Өз күшіме сенемін!

Елдос Жұмақанов: Өз күшіме сенемін!
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмақанов Prosports.kz сайтына берген сұқбатында Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындығы мен Ерлан Серікжановпен бәсекелестігі туралы айтып берді.

- Төртжылдықтың басты додасына дайындық бапкерлер штабының жоспарына сәйкес өтіп жатыр. Жақын уақытта ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін Қытайдың Циндао қаласында 12-14 желтоқсан күндері өтетін «Мастерс» сериясына қатысамыз.

- Токиода өткен әлем чемпионатындағы нәтижеңізге көңіліңіз тола ма?

- Жоқ, көрсеткен нәтижеме көңілім толмайды. Жарысқа жақсы дайындалған едім, алайда бірнеше тактикалық қателіктер жібердім.

- Олимпиада жолдамасын иемдендіңіз. Дегенмен салмағыңызға Ерлан Серікжанов бар. Бәсекелестіктеріңіз қалай әсер етуде?

- Арамыздағы ұпай айырмашылығы 300-ді құрайды. Олимпиада ойындарына қатысу үшін және ол жерде жақсы нәтиже көрсету үшін барымды саламын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер