Михал Билек: Шотландия ойыншылары мықты чемпионаттарда өнер көрсетеді

Михал Билек: Шотландия ойыншылары мықты чемпионаттарда өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Шотландияға қарсы ойыннан кейін (1: 3) журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Бірінші таймды жақсы бастадық: алға ұмтылдық, гол соғып, ойын тізгінін қолда ұстадық, ықшам ойнадық. Бірақ үзілістен кейін қарсылас есепті тех теңестіріп кетті, сосын екінші голды соқты, кейін үшінші. Шотландия екінші таймда мықты болды, үлкен қысым көрсетті.

- Неліктен біз әрқашан екі түрлі тайм ойнаймыз?

- Біз жақсы командаға қарсы ойнадық. Шотландия ойыншылары мықты чемпионаттарда өнер көрсетеді, жоғары қарқынмен ойнайды. Екінші таймда бізге күш пен жылдамдық жетіспеді - допты жиі жоғалта бастадық, қателіктер жібердік. Қарсылыс та жазалап кетті.

- Қарсыластың екінші голын қалай түсіндіресіз? Гол соғылған кезде тәртіп бұылған жоқ па?

- Мен осы эпизодты бейнеқайталаудан көрдім. Ия, менің ойымша, тәртіп бұзылған секілді. Мен осы сәт жайлы басқа ештеңе айта алмаймын, бұл менің құзыретімде емес.

Қазақстан - Шотландия матчына бейнешолу

Зайнутдинов Қазақстан құрамасының Еуро-2020 іріктеудегі үздік сұрмергені атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер