Бокс

Деревянченко: Қайталап айтамын, мен Головкиннен жеңілген жоқпын

Деревянченко: Қайталап айтамын, мен Головкиннен жеңілген жоқпын
news-banner7
mobile-news-top

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко жақында ғана қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен кездесуі жайлы тағы да айтты, деп хабарлайды Prosports.kz YouTube желісіндегі VideoBoxing арнасына сілтеме жасап.

«Жекпе-жекте мен жеңіске жеттім бе? Өзіме үнемі сыни көзбен қараймын. Бапкерім «Егер сенің қолыңды көтермесе, онда бірдеңені дұрыс істемегенің» деп үйрететін. Осы сөзді басшылыққа аламын.Тек бір нәрсені ғана айта аламын – мен жеңілген жоқпын. Жеңілмегенімді ішім сезеді. Жекпе-жекті қайтадан тамашалап көрмедім», дейді Деревянченко.

Еске сала кетелік, Головкин – Деревянченко кездесуі 6 қазан күні Нью-Йорктің «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтті. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық былғары қолғап шеберіне берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер