Теннис

Алматыда үстел теннисінен оқу-жаттығу жиыны басталды

Алматыда үстел теннисінен оқу-жаттығу жиыны басталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда үстел теннисінен кадеттер арасында Hopes Week оқу-жаттығу жиыны басталды.

Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан жас спортшылар қатысуда.

23 ер бала және 23 қыз бала олимпиадалық резерв мектеп-интернатының мамандары Алексей Тимченко мен Бақытжан Тұрғынның қоластында жаттығып жатыр.

23-24 қараша күндері теннисшілер іріктеу сынын өткізіп, Орталық Азия елдерінің халықаралық Hopes Week жаттығу лагеріне берілетін жолдамаға таласады.

Алматыда кадеттер арасындағы Hopes Week турнирі басталады

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер