Әлем футболы

Ресми. Луис Энрике Испания құрамасын баптайды

Ресми. Луис Энрике Испания құрамасын баптайды
news-banner7
mobile-news-top

Луис Энрике Испания ұлттық құрамасына қайта оралды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Испания футбол федерациясының президенті Луис Рубиалеске сілтеме жасап Sport.es хабарлайды.

«Шындықты білу маңызды. Бүгін біз Луис Энрикенің ұлттық құрамаға оралғанын растай аламыз. 19 маусымда біз Роберт Мореномен таныстық. Сол күні біз келісімшартқа қол қойдық. Егер Луис Энрике қайтып оралса, ол тек ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне қайта оралуы мүмкін болатын. Мұнда ешкім алданған сезімде болмауы тиіс», - деп Рубиалестің сөздерін келтіреді Sport.es.

Энрике осы жаздың басында қызының денсаулығына байланысты Испания құрамасынан кетті. Қыркүйек айында ол қайтыс болды.

Испания құрамасы F тобында бірінші орын алып, Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер