Велоспорт

Әлішер Жұмақан: Ұлттық спорттық жүлдеге үміткер болғаным қуантады

Әлішер Жұмақан: Ұлттық спорттық жүлдеге үміткер болғаным қуантады
news-banner7
mobile-news-top

Тректегі велоспорттан Азия чемпионатының екі мәрте жүлдегері, Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы әрі Гран-при турнирлерінің жүлдегері Әлішер Жұмақан "Altyn Samǵaý-2019" ұлттық спорттық жүлдесіне көш бастап келе жатыр. Ол "Жыл жаңалығы" аталымына ұсынылған.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы мұндай ірі спорттық жүлдеге үміткер болғаны үшін қуанышты екенін жасырмады.

"Мұндай жүлдеге алғаш рет ұсынылған екенмін. Менің еңбегімді бағалап, маған сенім білдірген барша жанкүйерге рахмет! Шыны керек, биылғы маусым мен үшін жаман өткен жоқ. Алайда, әлі де еңбектеніп, әлемдік деңгейдегі спортшылармен жүлдеге таласу үшін шыңдалу қажет. Бұйырса, алдағы маусымдарда қазақ еліне үлкен жеңістермен қуантады деп сенемін. Менің жүлдеге үміткер екенімді білген жақындарым барынша қолдау білдіріп, дауыс беріп жатыр. Ал 30 қараша күні мен Гонконгте өтетін әлем кубогі кезеңінде бақ сынаймын. Барша спорт жанкүйерлерін "Altyn Samǵaý-2019" ұлттық спорттық жүлдесіне жанкүйер болуға шақырамын", - дейді Әлішер.

Айта кетелік, "Altyn Samǵaý-2019" ұлттық спорттық жүлдесіне дауыс беру әлі де жалғасуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер