Басқа

Вице-министр: Спорт мектебіндегі жаттықтырушылар 40 мың теңге жалақы алады

news-banner7
mobile-news-top

ҚР Парламенті Сенатында Балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебіндегі бапкерлердің төмен жалақысы мәселесі көтерілді.

«Мектеп оқушылары спорттық үйірмелерге баруы үшін абонементтерге Білім және ғылым министрлігінен қаражат бөлу жоспарлануда. Бұл арқылы елімізде тегін үйірмелердің жоқ екенін мемлекеттің өзі растап отырған секілді. Ал БҒМ есептерінен тегін үйірмелердің бар екенін оқимыз. Екіншіден, бұл атаулы әлеуметтік көмек секілді дүрлігу туғызбай ма? Кімге, не үшін, қай санатқа, қанша беруіміз керек деген сұрақтар туындайды», - деп сұрады Сенат депутаты Серік Бектұрғанов Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында.

Мектеп оқушыларының спорттық абонементтері бойынша ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов Білім және ғылым министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

«Әзірге Бердібек Сапарбаевтың (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ред.) тапсырмасымен спорттық залдардың, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі жөнінде Білім және ғылым министрлігімен келісім бекітілді. Мектеп оқушыларына арналған абонементтер бойынша, өңірлерді аралап жүрміз. Үйірмелік сабақ үшін дене тәрбиесі пәнінің мұғаліміне қосымша ақы төлеу мәселесі бар. Бұрын базалық қызметтік жалақының 45% төленетін. Қазір бұл қосымша ақыны алып тастады және өз ісіне шын берілген мұғалімдер ғана қалды. Сондықтан, бұқаралық спорт туралы заң жобасында осы мәселені көтергіміз келеді», - деп жауап берді Е. Рамазанов.

Сонымен бірге, вице-министр Балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебіндегі бапкерлердің қанша жалақы алатынын айтты.

«Балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебіндегі бапкерлер шамамен 40 мың теңге еңбекақы алады. Егер жалақыны көтеру амалдарын ойластырмасақ, алдағы екі жылда резерв қалмай қалады», - деді Елдос Рамазанов.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер