Бокс

Қазақстандық боксшылар Голландияда өткен халықаралық турнирге қатысты

Қазақстандық боксшылар Голландияда өткен халықаралық турнирге қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Голландида World Port Boxing дәстүрі турнирі өтті. Оған қазақстандық боксшылар қатысып, жергілікті спортшылармен жұдырықтасты, деп жазады Prosports.kz.

Аталған турнир жыл сайтын өтіп тұрады. Бұрындары АҚШ және Куба боксшылары шақырылатын. Ал биыл Қазақстан құрамасын шақыруды дұрыс деп тапқан екен. Нәтижесінде Ғалымжан Кенжебаев шәкірттерінің алтауы жеңіске жетті.

WPB турниріне еліміз атынан төмендегі боксшылар қатысты: Закир Сафиуллин (60 келі), Талғат Шайкен (69), Абылайхан Жүсіпов (69), Тұрсынбай Құлахмет (75), Ермахан Жақпеков (75), Нұрбек Оралбай (81), Аида Абикеева (57), Валентина Хальзова (69).

Ал Голландия атынан: Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ночка Фонтан, Нидерландының үш дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері Артем Каспарян, Еуропа чемпионатының жүлдегері және Еуропалық ойындардың жеңімпазы Энрико Лакрус қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер