«Тобыл» қорғаушысының иығына операция жасалды

«Тобыл» қорғаушысының иығына операция жасалды
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы Виктор Дмитренконың иық буынына операция жасады, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, футболшыға операция Литвада жасалған. Ойыншыға 4-6 апта ішінде ауыр физикалық жаттығулар жасауға тыйым салынып отыр. Виктор бір айдан кейін қалыпты жаттығуды бастайды. Дмитренконың оңалуы жұмыстары Краснодарда өтеді.

Айта кетейік, 2019 жылғы маусымда футболшы қостанайлықтар сапында 31 матчта қатысып, үш нәтижелі пасымен көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер